Қоғамда жастардың рухани және психологиялық тұрақтылығын нығайту – бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Осы орайда “Төле би” мешіті ұстазы Қуаныш Тлеубекұлы “Жастар арасында Стреске төзімділік» тақырыбында тағылымды насихат айтып, жас буынға пайдалы кеңестер берді.
Оқу, жұмыс, әлеуметтік желілердің әсері, қоғамдағы өзгерістер – мұның бәрі жас адамның психологиясына әсер ететіні сөз . Сондықтан мұндай жағдайда сабыр сақтап, рухани құндылықтарға сүйенудің маңызы ерекше екені түсіндірілді.
Ислам сабырлыққа шақырады. Қандай қиындық болмасын, адам ең алдымен Аллаға тәуекел етіп, өзіне сенімді болуы керек екені айтылды. Сонымен қатар, бес уақыт намаз, дұға және Құран оқу – адамның ішкі тыныштығын сақтауға көмектесетін негізгі амалдардың бірі екені ерекше атап өтілді.
Жастарға стрессті басқарудың заманауи тәсілдері де ұсынылды. Атап айтқанда, уақытты дұрыс жоспарлау, спортпен шұғылдану, пайдалы орта қалыптастыру және зиянды әдеттерден аулақ болу. Жастардың саналы, сабырлы әрі жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы