Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің наиб имамы Танат Тілманов мешітке жиналған жамағатқа жат ағымдардың қоғамға тигізер зияны туралы уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында имам қазіргі таңда түрлі теріс діни ағымдардың жастардың санасын улап, ел бірлігіне сызат түсіріп жатқанын атап өтті. Мұндай ағымдар діннің шынайы құндылықтарын бұрмалап, адамдарды адасушылыққа жетелейтінін жеткізді.
Сонымен қатар, жамағатты ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі дінді ұстануға, бірлік пен ынтымақты сақтауға шақырды. Жалпы, жат ағымдардың басты мақсаты – қоғамның тұтастығына нұқсан келтіру екені айтылды .
Кездесу барысында наиб имам уақып қорының маңыздылығына да тоқталды. Уақып – қоғам игілігі үшін жасалатын қайырымдылықтың бір түрі екенін түсіндіріп, оның мешіттердің дамуына, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуге үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Жамағат өз кезегінде көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы