Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде «Таза Қазақстан» акциясы өтті
«Бала қажы» мешітінде  «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінде 22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында мешіт қызметкерлері бірлесе отырып, мешіт ауласын тазалап, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосты. Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалыққа үндеу және табиғатты аялауға шақыру.

Сонымен қатар алдағы уақытта мешіт аумағына ағаш отырғызу жұмыстары жоспарлануда.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz