Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев Абай қаласындағы әскери бөлім сарбаздарымен кездесті.
Кездесу барысында имам жат ағымдардың қоғамға тигізер кері әсері мен зардаптары туралы кеңінен түсіндіріп, жастарды діни сауаттылыққа және дәстүрлі дінді ұстануға шақырды.
Сарбаздарға дін атын жамылған теріс бағыттардың қауіптілігі, олардың адам санасына әсері және одан сақтану жолдары жайында нақты мысалдар келтірілді.
Шара барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жастарды рухани тұрғыда қолдап, олардың дұрыс бағытта қалыптасуына ықпал ету.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы