Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіті жанындағы «Үштөбе оқу-ағарту орталығының» директоры Нығыман Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен жастармен рухани кездесу өтті.
Кездесу барысында жастарға «Жастар әдебі», бауырмалдық және білімнің маңыздылығы тақырыптарында тағылымды уағыз-насихат айтылды.
Жиын барысында мешіт пен медресе шәкірттеріне рухани тәрбие, ізгілік пен адамгершілік құндылықтар кеңінен түсіндірілді.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара соңында шәкірттерге рухани кітаптар сыйға тартылып, кездесу жылы әсермен қорытындыланды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы