Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Ислам және адал қоғам» бағыты аясында тағылымды іс-шара ұйымдастырылып, қарияларға құрмет көрсетілді.
Аталған шара барысында «Қарағанды облысы, Қарағанды қаласының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қарияларына ерекше құрмет көрсетіліп, көңілдері көтерілді.
Игі бастама «Дәстүр және отбасы» бағыты мен «Зекет және қайырымдылық» қорының бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Шара аясында мешіт ауласында тігілген қазақы киіз үйде ақ дастархан жайылып, қарияларға арнайы ас берілді. Ұлттық дәстүрге сай көрсетілген бұл құрмет үлкендердің батасын алуға, олардың көңілін көтеруге бағытталды.
Жиын барысында мешіттің наиб имамы, сондай-ақ «Дәстүр және отбасы» бағытының жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы жиналған көпшілікке рухани уағыз-насихат айтып, іс-шараның мән-маңызын кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ қасиетті Құран аяттары оқылып, ата-баба рухына дұға бағышталды.
Аталған игі шара – қоғамда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін жаңғыртып, қайырымдылық пен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы