Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы әскери бөлім сарбаздарымен кездесу өткізіп, уақып қорының маңыздылығын насихаттады.
Кездесу барысында имам уақыптың исламдағы орны мен оның қоғам игілігіне қосатын үлесі туралы кеңінен түсіндірді. Ол уақып арқылы жасалатын қайырымдылық істердің үздіксіз сауап көзі екенін айтып, оның білім беру, әлеуметтік қолдау және қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы рөліне тоқталды.
Сонымен қатар, сарбаздарға елге қызмет етудің маңызы, отансүйгіштік пен жауапкершілік жайында да тағылымды ойлар айтылды. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы