Қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында мешітте әйел-қыздар жамағатына арналған тағылымы мол рухани іс-шара ұйымдастырылды. Айттың берекелі күніне орай мешітте арнайы дастархан жайылып, жамағатқа құрмет көрсетілді.
Шара басында мешіт имамы Ермахан Оралбай
Әділбекұлы әйелдер жамағатын айт мерекесімен құттықтап , тағылымды насихат айтты. Ары қарай әйелдер қауымы бас қосып, бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, мерекенің мән-маңызы жайында әңгіме өрбітті. Дастархан басында мешіт ұстазы Бақыт Амантайқызы Ислам дініндегі айт мерекесінің орны, ілім алу және имандылық тақырыптары қозғалды.
Кеш аясында жамағатқа арнайы сыйлықтар таратылып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Мұндай игі шаралар әйелдер арасында ауызбіршілікті арттырып, рухани байланысты нығайтуға үлкен үлес қосады.
Жиын соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мерекенің шаттығы мен берекесі әр шаңыраққа тілектестікпен жеткізілді.
Қорыта айтқанда, мешітте өткен бұл айт дастарханы әйел-қыздар жамағаты үшін ерекше әсерлі әрі тағылымы мол кездесу болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы