Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде «Қазақ зағиптар қоғамы» өкілдеріне азық-түлік үлестірілді.
«Нұр» мешітінде «Қазақ зағиптар қоғамы» өкілдеріне азық-түлік үлестірілді.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Ораза айт мейрамының құрметіне орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі бастама аясында «Қазақ зағиптар қоғамы» өкілдеріне азық-түлік себеттері таратылып, ерекше қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.
Аталған шара мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен жүзеге асып, жалпы саны 15 отбасы қамтылды. Қасиетті Рамазан айының қорытындысы болған Ораза айт мерекесінде жасалған бұл игі іс – қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Мешіт ұжымы мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын атап өтті. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар барша жамағатты мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шақырды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz