Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде ұстаз Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен «Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» атты уағыз-насихат өтті.
Шара барысында ұстаз ислам дінінің асыл құндылықтары мен халқымыздың ұлттық дәстүрлерінің сабақтастығы жайында кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, адалдық, әділдік, сыйластық және имандылық сияқты қасиеттерді қоғамда қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.
Уағызда ұлттық салт-дәстүрлердің ислам қағидаларымен үйлесім табуы, олардың адам тәрбиесіндегі орны мен мәні ерекше атап өтілді. Жиналған жамағат көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, рухани тұрғыда әсерлі насихат тыңдады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы