Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау мешітінде 17 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді
Бұқар Жырау мешітінде 17 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді

Бұқар Жырау мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, әлеуметтік көмекке мұқтаж  он жеті отбасыға қаржылай көмек көрсетілді.

Мешіт имамы Орманбет Болатұлының бастамасымен өткен игі іс Рамазан айының құрметіне арналды. Қайырымдылықтың негізі саналатын бұл қасиетті айда көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсат етілді.


Шара аясында 15 мұқтаж жанға 70 000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, ОИ “Әділет” мүгедектер қоғамынан келген нақты мұқтаж азаматтарға Рамазан сыйы ретінде қомақты қаржы үлестірілді.


Игі бастама барысында көмек алған жандар мешіт ұжымына және демеушілерге өз алғыстарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттырып, Рамазан айының рухани құндылығын айқындай түсті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz