Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар Жырау қалалық мешітінде Ораза айт намазы оқылып, айттық ас берілді
Бұқар Жырау қалалық мешітінде Ораза айт намазы оқылып, айттық ас берілді

Бұқар Жырау қалалық мешітінде қасиетті Ораза айт намазы оқылып, жамағат ұлық мерекені бірге қарсы алды.

Айт намазынан кейін мешіт ауласында мерекелік шаралар ұйымдастырылып, жиналған қауымға ұлттық ойындар ұсынылды. Жамағат қазақтың дәстүрлі ойындарына қатысып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Сонымен қатар, айт мерекесіне орай 600 адамға арналған айттық ас беріліп, жамағатқа дастархан жайылды. Бұл игі шара барысында адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді.

Мешіт ұжымы мен демеушілердің қолдауымен өткен бұл шара бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, Ораза айттың рухани мәнін айшықтай түсті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz