Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті Ораза айт мейрамына орай қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі бастама мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйытқы болуымен жүзеге асты.
Мерекелік шара барысында 50 балаға арнайы айттық тәттілер үлестіріліп, олардың жүздеріне қуаныш сыйланды. Балаларға қуаныш сыйлау, мейірім мен қамқорлық көрсету – Ислам дінінің асыл құндылықтарының бірі екені белгілі.
Аталған шараның басты мақсаты – бүлдіршіндердің мерекелік көңіл-күйін көтеру, Ораза айттың мән-маңызын сезіндіру және қоғамда ізгілік пен жанашырлықты арттыру.
Мешіт ұжымы осындай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы