Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінде балаларға айттық үлестірілді
Абай аудандық мешітінде балаларға айттық үлестірілді

Абай аудандық мешітінде қасиетті Ораза айт мейрамының құрметіне орай балаларға арналған айттық тарату шарасы ұйымдастырылды.


Айт күні мешітке келген бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар үлестіріліп, олардың қуанышына қуаныш қосылды. Шара барысында балаларға жылы лебіздер айтылып, мерекенің мән-маңызы түсіндірілді.


Жамағат пен мешіт ұжымы балалардың шат күлкісіне куә болып, олардың мерекелік көңіл-күйін көтеруге атсалысты. Айттық алған балалар мәз-мейрам болып, ризашылықтарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz