Center Image
IHSAN.KZ
Ұлттық ойындардан сайыс өтті
Ұлттық ойындардан  сайыс өтті

 Осакаровка аудандық мешітінде айт намазынан кейін наурыз мейрамымен тұспа тұс келген ұлық мейрам мешіт ауласында жамағатқа арналған мерекелік шара ұйымдастырылып, қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындары ойнатылды.

 Бұл бастама – ұлық мейрамның рухани мәнін арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Шара барысында жиналған қауым асық ату, арқан тарту, қол күресі секілді ұлттық ойындарға белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Әсіресе балалар мен жастардың қызығушылығы жоғары болып, мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді.

Жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жамағат бір-бірімен айт мерекесімен құттықтасып, ақжарма тілектерін арнады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz