Бұқар Жырау ауданына қарасты «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара аясында 90 отбасыға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік себеттері таратылды. Қайырымдылық көмегі әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасыларға көрсетіліп, олардың тұрмыс-тіршілігіне аз да болса қолдау білдірілді.
Мешіт ұжымы мен демеушілердің бірлескен бастамасы арқылы жүзеге асқан бұл игі іс қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттыруға бағытталды. Шара барысында жәрдем алған жандар өз ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы