Center Image
IHSAN.KZ
“Ораза айт барысы” – ұлттық күрес сайысы өтті
“Ораза айт барысы” – ұлттық күрес сайысы өтті

Ораза айт мерекесінің құрметіне орай «Қамзе» мешітінің ұйымдастыруымен «Ораза айт барысы» атты қазақ күресінен сайыс өтті.

Жарыс барысында спортшылар төрт салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынады. Палуандар бозкілем үстінде шеберліктерін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізді. Қатысушылардың дайындығы мен жігері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Ал бас жүлде иегеріне “Ораза айт барысы” атауы жазылған арнайы белдік табыс етілді.

Бұл шара ұлттық спортты насихаттап қана қоймай, Ораза айт мерекесінің мәнін арттырып, жамағатты бірлік пен бауырмалдыққа үндеген тағылымды іс-шара болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz