Қарағанды қаласындағы «Бала қажы» мешітінде қасиетті айт мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Таң сәріден бастап жамағат мешітке жиналып, айт намазын оқып, бір-біріне ақжарма тілектерін жеткізді.
Мерекелік іс-шараға шамамен 1300 адам қатысып, рухани кештің көркін қыздырды. Мешіт имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы айттың мән-маңызы туралы насихат айтып, жамағатты бірлікке, ізгілікке және қайырымдылыққа үндеді.
Айт намазынан кейін жамағатқа арнап дастархан жайылып, тегін тағам таратылды. Бұл қайырымдылық шарасы көпшіліктің алғысына бөленді.
Сонымен қатар, мереке аясында ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, кір көтеру және арқан тартыс сайыстары өткізіліп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Мұндай шаралар жамағаттың ынтымағын арттырып, мерекелік көңіл-күйді көтере түсті.
Айт мерекесі тек құлшылықпен ғана шектелмей, ауызбіршілік пен бауырмалдықтың жарқын көрінісіне айналды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы