Center Image
IHSAN.KZ
“Төле би” мешітінде мерекелік намаз оқылып, жамағатқа дәм ұсынылды.
“Төле би” мешітінде мерекелік намаз оқылып, жамағатқа дәм ұсынылды.
Қарағанды қалалық “Төле би” мешітінде айт мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Қасиетті мерекеге жиналған қауым алдымен жамағатпен бірге айт намазын өтеп, ел игілігі мен тыныштығы үшін дұға қылды.
Намаз басталмас бұрын мешіттің бас имамы Жұмағұлов Рашид Орысбайұлы жамағатқа арнап әсерлі уағыз-насихат айтты. Бас имам өз сөзінде мерекенің мән-маңызына тоқталып, бірлік, татулық және бауырмалдық құндылықтарын тілге тиек етті. Сондай-ақ, келушілерді мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.
Мерекелік шараның рухани бөлімінен кейін мешіт ауласында жамағатқа арнайы дастархан жайылды. Келген қонақтар қазақтың ұлттық тағамы — наурыз көжеден дәм татып, бір-біріне мерекелік лебіздерін айтты. Бұл игі шара мешіт жамағатының ауызбіршілігін нығайтып, мерекенің шырайын аша түсті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz