Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданында Ораза айт ұлттық ойындармен жалғасты
Абай ауданында Ораза айт ұлттық ойындармен жалғасты

Абай аудандық орталық мешітінде қасиетті Ораза айт мейрамы ұлттық ойындармен жалғасын тапты.

Айт намазынан кейін мешіт ауласында жамағатқа арналған мерекелік шара ұйымдастырылып, қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындары ойнатылды. Бұл бастама – ұлық мейрамның рухани мәнін арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Шара барысында жиналған қауым асық ату, арқан тарту, қол күресі секілді ұлттық ойындарға белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Әсіресе балалар мен жастардың қызығушылығы жоғары болып, мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді.

Жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жамағат бір-бірімен айт мерекесімен құттықтасып, ақжарма тілектерін арнады.

Осылайша, Абай ауданында Ораза айт мейрамы рухани мазмұнмен қатар, ұлттық дәстүрлермен үндесіп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz