Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Ораза айт мерекесі аталып өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Ораза айт мерекесі аталып өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Ораза айт мерекесі айт намазын оқумен басталып, кейін мерекелік және спорттық іс-шаралармен жалғасын тапты.

Іс-шара аясында жамағат айт намазын орындап, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар мерекелік бағдарламаның жалғасы ретінде жамағат арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайту, ұлттық және діни дәстүрлерді дәріптеу, сондай-ақ мерекенің рухани мазмұнын кеңінен насихаттау болып табылады.

Бұл игі бастама мешіттің әлеуметтік-рухани бағыттағы қызметінің бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz