Center Image
IHSAN.KZ
Ұлттық дәстүр – көршілерді айттау дәріптелді
Ұлттық дәстүр – көршілерді айттау дәріптелді

Қарағанды қалалық “Қазыбек би” мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен Ораза айт мейрамының құрметіне орай қазақтың ұлттық дәстүрі – көршілерді айттау шарасы өткізілді. Сонымен қатар, балаларға айттық үлестірілді.


Айт мерекесінің мән-маңызын дәріптеуді мақсат еткен бұл игі бастама аясында мешіт жамағаты көрші-қолаңды аралап, айт мерекесімен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. Бұл – халқымыздың ежелден келе жатқан бауырмалдық пен көршілік қарым-қатынасты нығайтатын дәстүрлерінің бірі.


Шара барысында жамағат мүшелері бір-біріне ізет көрсетіп, үлкендерден бата алып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосты. Көршілер арасында сыйластық пен татулықтың арта түсуіне сеп болған бұл бастама көпшілік тарапынан жылы қабылданды.


Осылайша, ұлық мейрам күндері тек құлшылықпен ғана шектелмей, ұлттық дәстүрлерді ұлықтау арқылы қоғамда бірлік пен мейірімділік нығая түсті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz