Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде жамағатқа айттық дәм ұсынылды
«Төлеутай ата» мешітінде жамағатқа айттық дәм ұсынылды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде қасиетті Ораза айт мейрамының құрметіне орай ұлттық нақышта безендірілген қазақы киіз үй тігіліп, онда келген қауымға ақ дастарханнан дәм ұсынылды.

Жамағат бір-бірімен айт мерекесімен құттықтасып, ізгі тілектерін білдірді. Бұл күні үлкендер бата беріп, кішіге құрмет көрсетіліп, ұлттық дәстүрлер дәріптелді.

Мерекелік жиын барысында мешіт қызметкерлері мен еріктілер жамағатқа қызмет көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Айттың басты мәні – бірлік пен мейірім, бауырмалдық пен жанашырлық екені тағы бір мәрте айқын көрініс тапты.

Осылайша, ұлық мейрам Қарағанды жұртшылығы үшін рухани әрі тағылымды шараға айналды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz