Center Image
IHSAN.KZ
«Айттағы қуаныш»: балаларға арналған мерекелік кеш өтті
«Айттағы қуаныш»: балаларға арналған мерекелік кеш өтті

Шет ауданы Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің  ұстазы Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен “Айттағы қуаныш” тақырыбында балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында ұстаз балаларға Ораза айттың маңызы мен мәні туралы қысқаша насихат айтып, мерекенің рухани тәрбиелік қырын түсіндірді. Балалар бата беріп, сүрелер оқып, шағын көрініс қойып, өз өнерлерін ортаға салды.

Кеш соңында бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестіріліп, олардың жүздерінен қуаныш пен шаттық сезілді. Балалар дән риза болып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Расында, Айттың мәні – тек өзің қуанумен шектелмей, өзгелерге де қуаныш сыйлау екені осы шарада айқын көрініс тапты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz