Center Image
IHSAN.KZ
Мектеп-гимназияда ұлттық құндылықтар насихатталды
Мектеп-гимназияда ұлттық құндылықтар насихатталды

Абай аудандық мешітінің наиб имамы Ережеп Жардыбай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ата-анаға құрмет көрсету тақырыптары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар қоғамда белең алып отырған жат ағымдардың зардабы түсіндіріліп, оқушыларға дұрыс діни бағыт пен қауіпсіз ақпаратты таңдау жөнінде түсінік берілді.

Шара соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имам тарапынан тұшымды жауаптар алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz