Қарағанды қалалық Бала қажы мешітінің имамы Махмұд қажы Нұрұлының ұйымдастыоуымен Ораза айт мерекесі қарсаңында 30 отбасыға ет үлестірілді.
Биылғы Рамазан айында мешіттің қайырымдылық жұмыстары ерекше қарқынмен жүргізілді. Отыз күн ішінде жалпы 240 отбасы «Рамазан себетімен» және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік осал топтарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударылып, мешіт жамағаты да қамқорлықтан тыс қалмады.
Осы игі іске атсалысқан демеушілерге мешіт ұжымы алғыс білдіріп, олардың кәсіптеріне береке мен табыс тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы