Қасиетті Қадір түні Ерімбет ата мешітінде ерекше мазмұнда атап өтілді. Берекелі түнде жамағат жиналып, уағыз-насихат тыңдап, зікір айтып, салауаттар оқып, рухани тәрбие алды. Жүректер тыныштыққа бөленіп, әрбір жан Аллаға жақындауға мүмкіндік алды.
Шара барысында мешіт өміріне белсенді атсалысып жүрген жамағатқа құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, Рамазан айының құрметіне 50 балаға тәттілер үлестіріліп, бүлдіршіндердің жүздеріне қуаныш сыйлады. Бұл игі іс арқылы балаларға мейірім мен ізгілік құндылықтары насихатталды.
Рамазан айында жамағатпен бірге оқылған Қасиетті Құран Кәрім хатым етіліп, арнайы дұға жасалды. Жиналған қауым Алладан рақым, мейірім және береке тілеп, рухани әсерге бөленді.
Сондай-ақ, жамағат мешіт имамдарына алғыс білдіріп, шапан жауып құрмет көрсетті. Бұл – имамдарға деген сыйластық пен ризашылықтың айқын көрінісі болды.
Қадірлі түнде Құранға түскен шәкірттер марапатталып, сый-сияпаттар табысталды. Бұл олардың еңбегін бағалап, имандылық жолындағы ынтасын арттырды.
Мешіттің ұстазы Әмина Алмасқызы әйел жамағатына арнайы уағыз айтып, рухани тақырыптарды түсіндірді. Сонымен қатар, Тарауих намазына тұрақты қатысушыларға сыйлықтар беріліп, іс-шара соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қатысушыларға қосымша сыйлықтар ойнатылды.
Сондай-ақ жамағат арасында танымдық сұрақ-жауап кеші өтіп, Қазақстан тарихы, Алаш Орда, ұлттық дәстүрлер мен ислам тарихы тақырыптары қамтылды. Қатысушылар білімдерін шыңдап, рухани және тарихи танымдарын арттырды.
Осындай игі шаралар арқылы Ерімбет ата мешіті қоғамда имандылықты насихаттап, бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға өз үлесін қоса бермек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы