Center Image
IHSAN.KZ
Ерімбет Ата мешітінде белсенді жамағат марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.
Ерімбет Ата мешітінде белсенді жамағат марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.
Мешіт өміріне белсене атсалысып, діни дәрістерге тұрақты қатысып, тарауих намазын үзбей оқыған жамағатқа мешіт ұжымының атынан арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлықтар берілді.

Бұл игі шара – жамағаттың мешітпен байланысын нығайтып, құлшылыққа деген ынтасын арттыруға бағытталған. Осындай сауапты істерде алда болып, дін жолында қызмет етіп жүрген жамағаттың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.

Рамазан айында жасалған әрбір амалдың сауабы еселеніп жазылатыны белгілі. Сондықтан мешіттің тіршілігіне үлес қосып, құлшылықты үздіксіз жалғастырып жүрген жандарға көрсетілген бұл құрмет – баршамызға үлгі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz