Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды
«Әнет баба» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды
ҚМДБ-ның  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында өткен Құран хатым толықтай аяқталып,   хатым дұғасын жасалды.

Рухани шарада «Әнет баба» мешітінің ұстаздары Әйгерім Берікболқызы және  Арай Серғалиқызы  бір ай бойы Алланың қасиетті кітабын оқып, хатым еткен ақ жаулықты әжелер мен әйелдер жамағатына «Құран оқудың артықшылығы» және «Рамазан-Құран айы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Одан кейін,  шараға жиналған шәкірт-аналар осындай рухани шараға мұрындық болған мешіт ұстаздарына алғыстарын білдірді.  Еліміздің амандығы мен халқымыздың береке-бірлігін тілеп, дұға жасады.

 

ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz