Center Image
IHSAN.KZ
Оқушылар арасында «Аллаға хат» тақырыбында эссе жазудан сайыс ұйымдастырылды
Оқушылар арасында «Аллаға хат» тақырыбында эссе жазудан сайыс ұйымдастырылды
Қажыбай қажы мешітінде оқушылар арасында «Аллаға хат» тақырыбында эссе жазудан  сайыс өтті. Шараның басты мақсаты – оқушылардың рухани дүниесін байыту, жүрек тазалығын, шынайы сезім мен имандылықты дәріптеу болды.

Сайысқа әртүрлі сыныптағы оқушылар қатысып, өз жүрек түкпіріндегі ойларын қағаз бетіне түсірді. Қатысушылар Аллаға деген сүйіспеншілігін, шүкіршілігін, өмірге деген көзқарасын және ішкі жан сырын шынайы жеткізуге тырысты. Әсіресе, кейбір эсселерде ата-анаға құрмет, достық, сабыр мен мейірім секілді құндылықтар кеңінен көрініс тапты.

Жұмыстардың мазмұн тереңдігі, тіл көркемдігі және ойдың әсерлілігі бойынша бағаланды. Нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар сыйлықтармен марапатталды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz