Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті түннің берекесін арттыру мақсатында жанашыр жамағаттың қолдауымен 100 адамға сәресі ұйымдастырылып, көпшілікке дастархан жайылды.
Іс-шара барысында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жамағатқа уағыз-насихат айтып, Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екендігін кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, осы игі істі ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, мұндай қайырымдылық амалдардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Аталған сауапты шараны мешіттің алқа мүшесі Жетпісбайұлы Дәуіт қажының немерелері – Бердімұрат және Дәулеткерей есімді кәсіпкер азаматтар ұйымдастырды. Олардың бастамасы көпшілікке үлгі болып, жамағаттың бірлігі мен жанашырлығын айқындай түсті.
Осындай ізгі амалдар қасиетті түннің қадірін арттырып, жамағатқа қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Алла Тағала жасалған қайырлы істің сауабын еселеп беріп, ұйымдастырушылар мен үлес қосқан барша азаматтарға разы болсын!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы