Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешіті қадір түнін қарсы алды
«Бала қажы» мешіті қадір түнін қарсы алды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қасиетті Қадір түні ерекше рухани жағдайда аталып өтті.

Бұл қасиетті түнде мешітке жамағат көптеп жиналды. Мешіт имамы Нуров Махмуд қажы Қадір түнінің қадір-қасиеті туралы уағыз айтып, жамағатпен бірге тарауық намазы оқылды.

Биыл мешітте «Дәуір» Құран хатым оқу алқасы құрылған болатын. Осы алқада Рамазан айында оқылған 100 хатымның дұғасын Қадір түні жиналған жамағатпен бірге жасады. «Дәуір» Құран хатым оқу алқасына тұрақты қатысқан ең жас шәкіртке мешіт имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы 200 мың теңге көлемінде сыйлық табыстады. Ал қасиетті Рамазан айы бойы тарауық намазын оқыған қариға мешіт ұжымы мен демеушілер  тарапынан 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сый-сияпат көрсетілді. Мешіт жамағаты атынан ақсақалдар ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін білдірді.

Рухани кеш барысында жамағат бірлік пен ынтымақты нығайтып, қасиетті түннің берекесін бірге сезінді. Мұндай игі шаралар мешіт пен жамағат арасындағы байланысты күшейтіп, жастарға үлгі боларлық тағылымды іс ретінде бағаланды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz