Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде қадір түнінде діни сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
«Нұр» мешітінде қадір түнінде діни сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті Қадір түні ерекше мазмұнда ұйымдастырылып, жамағатқа арналған діни сұрақ-жауап кеші өтті. Тағылымды шараның басты мақсаты – көпшіліктің діни білімін арттырып, жастардың рухани танымын кеңейту болды.

Кеш барысында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жиналған жамағатқа Ислам негіздері, Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннетіне қатысты түрлі сауалдар қойды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беруге ынта білдірді.

Шара соңында қойылған сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап берген жамағат, шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл өз кезегінде қатысушыларды ынталандырып, діни білімге деген қызығушылықты арттыра түсті.

Осындай игі бастамалар жамағаттың бірлігін нығайтып қана қоймай, рухани құндылықтарды дәріптеуге және жастарды имандылыққа баулуға үлкен үлес қосары сөзсіз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz