Center Image
IHSAN.KZ
«Төле би» мешітінде қариға құрмет, имамдарға марапат тарту етілді
«Төле би» мешітінде қариға құрмет, имамдарға марапат тарту етілді
Қасиетті Рамазан айының ең қадірлі түні – Қадір түнінде “Төле би” мешітінде тағылымды әрі рухани маңызы зор іс-шара өтті. Айтулы кеш барысында Құран Хатым еткен Қариға арнайы сый-сияпат көрсетілді.
Сонымен қатар, мешіт жамағаты үшін қуанышты жаңалықтың бірі – мешіт имамдарына умра қажылығына жолдама табысталуы болды. Бұл игі бастама имамның дін жолындағы еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен сенімнің белгісі ретінде қабылданды. 
Қадір түні – мейірім мен кешірімнің, сауап пен берекенің түні. Осындай игі істер арқылы қоғамда ізгілік пен бірлік нығая түсері сөзсіз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz