Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті Қадір түні аясында Түркия елінен келген қари қатысуымен рухани-танымдық сұхбат ұйымдастырылды. Игі шараға жиналған жамағат пен жастар белсенді қатысып, өздерін толғандырған сауалдарын жолдады.
Сұхбат барысында қатысушылар қариға Қасиетті Құранды жаттау жолы, хафиз болудың ерекшеліктері, Құранға деген сүйіспеншілікті арттыру тәсілдері және жалпы діни білімге қатысты түрлі сұрақтар қойды. Өз кезегінде қари әр сұраққа жан-жақты әрі мардымды жауап беріп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Әсіресе жастарға Құран жаттаудың маңыздылығын түсіндіріп, табандылық пен ықыластың рөліне ерекше тоқталды. Бұл сұхбат олардың Қасиетті Құранға деген қызығушылығын арттырып, рухани серпіліс сыйлады.
Тағылымы мол кездесу жамағат үшін үлкен әсер қалдырып, Қадір түнінің мән-мағынасын тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы