Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Түркия елінен арнайы келген қариға құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат табысталды. Игі шара мешіт жамағатының қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен қаридың иығына дәстүрлі шапан жабылып, қаржылай сый-сияпат ұсынылды. Сонымен қатар Шахтинск қаласының жамағатының атынан арнайы алғыс хат табысталып, оның қасиетті Құранды насихаттаудағы еңбегіне ризашылық білдірілді.
Жиын барысында мешіт жамағаты мен ақсақалдары өздерінің жүрекжарды алғыстарын жеткізіп, қаридың қызметіне береке тілеп, ақ баталарын берді. Сондай-ақ оған ақ жол тілеп, сапарының сәтті болуын тіледі.
Бұл тағылымды шара жамағаттың бірлігі мен рухани байланысын нығайтып, ізгі дәстүрлердің жалғасын тапқанын көрсетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы