Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласының жамағаты Қадір түнін қарсы алып, хатым дұғасын жасады.
Шахтинск қаласының жамағаты Қадір түнін қарсы алып, хатым дұғасын жасады.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті Қадір түні ерекше рухани атмосферада қарсы алынды. Бұл түнді күткен жамағат мешітке жиналып, құлшылық жасап, дұға-тілектерін арнады.

Іс-шара барысында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жамағатқа «Қадір түнінің маңызы» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтып, бұл түннің мың айдан қайырлы екендігін, Алланың рақымы мен кешірімі молынан төгілетін сәт екенін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жамағатты шынайы тәубеге келіп, ізгі амалдарды көбейтуге шақырды.

Қадір түніне орай тарауих намаздарында оқылған қасиетті Құранның хатым дұғасы жасалып, елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен берекесі үшін бата жасалды.

Осындай игі шаралар арқылы жамағаттың рухани байланысы нығайып, қасиетті түннің берекесі мен тағылымы жүректерге терең орнықты.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz