Абай ауданына қарасты Топар кент мешітінің жамағаты қасиетті Қадір түнін қарсы алып, берекелі түнді құлшылықпен өткізді.
Кеш барысында Абай ауданының имамы Есбол Оңалұлы мешіт жамағатына қасиетті түннің мәні мен қадір-қасиеті жайлы уағыз насихат айтты. Сонымен қатар, балалар арасында діни сауаттарын арттыру мақсатында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Мешіт ұжымы мен жамағаттың бірлікте өткізген бұл шара қасиетті Қадір түнінің рухани мәнін арттырып, жастар мен балалардың діни біліміне үлес қосқан маңызды іс-шара болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы