Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде қасиетті Қадір түніне орай жиналған дүйім жамағат алдында бірқатар дін жанашырлары мен мешіт қызметкерлері марапатталды.
Марапаттау рәсімінде жомарт жандар мен мешіт жамағатының демеушілігімен қаридың ұстазы 200 000 теңге көлемінде қаржылай сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, мешіттің тазалықшысы 300 000 теңге, мешіттің наиб имамы Ұмра қажылығына арналған сертификатқа ие болды. Тағы бір дін қызметкеріне 200 000 теңге сертификат табысталды.
Сондай-ақ, мешіттің дін жанашырларына арнайы сыйлықтар ұсынылды, ал қасиетті Рамазан айында 27 күн бойы тарауық намазынан қалмаған белсенді жамағатқа да құрмет көрсетілді.
Мешіт ұжымы мен жамағат осындай шараларды дәстүрге айналдырып, қоғамдағы қайырымдылық пен рухани берекені насихаттап келеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы