Қарағанды облысы, Теміртау қаласының имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен студент жастарға арналған ауызашар беру дәстүрі игі жалғасын табуда.
Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылып жатқан бұл қайырымдылық шарасының басты мақсаты – білім іздеп жүрген студент жастарға қолдау көрсетіп, олардың басын қосып, рухани орта қалыптастыру. Ауызашар дастарханы басында жиналған жастарға Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы насихат айтылып, дұға жасалды.
Осындай игі бастамалар арқылы жамағат арасында бауырмалдық пен бірлік нығайып, жастардың дінге, рухани құндылықтарға деген қызығушылығы арта түсуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы