Center Image
IHSAN.KZ
Теміртау жамағаты қадір түнін қарсы алды
Теміртау жамағаты қадір түнін қарсы алды

Қарағанды облысы, Теміртау қаласының имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен қасиетті Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтті.

Мың айдан да қайырлы болған бұл ерекше түнде жамағат мешітке жиналып, құлшылық жасап, Құран оқылып, тағылымды уағыз-насихаттар айтылды. Түн бойы жасалған дұғалар мен зікірлер жүректерге тыныштық сыйлап, иманды күшейтуге себеп болды.

Қадір түні – әрбір мұсылман үшін тәубе етіп, Алладан кешірім сұрайтын, сауапқа кенелетін ұлы мүмкіндік. Осындай рухани кештер жамағаттың бірлігін арттырып, ізгілік пен мейірімділікті дәріптеуге өз үлесін қосуда.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz