Абай аудандық мешітінің жамағаты қасиетті қадір түні жоғары деңгейде аталып өтті.
Мың айдан да қайырлы болған берекелі кеште аудан имамы Асхат Қанайұлы барша мұсылман қауымын қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз - насихатын айтты.
Мешітке жиналған мұсылман жамағатына дастарханы жайылып, мешіт асханасында ауызашар берілді.
Барша жамағат тарауық намазын оқығаннан кейін облыс бас имамы Құран хатым дұғасын жасады.
Одан кейін аудан имамы Асхат Қанайұлы бір ай бойы тарауық намазын өткізген қариға құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.
Таң рауандап атқанша мешітте уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы