Center Image
IHSAN.KZ
Ақтау кенті жамағаты қадір түнін қарсы алды
Ақтау кенті жамағаты қадір түнін қарсы алды

Теміртау қаласына қарасты Ақтау кенті мешітінде қасиетті Қадір түнінде мешіт жамағаты Жомабай Фазылахмад Асламденұлының ұйымдастыруымен тарауық намазын өткізді.

Кеш барысында мешіт имамы жамағатты берекелі түнмен құттықтап, Қадір түнінің қадір-қасиеті мен рухани маңызы жөнінде тағылымды уағыз-насихат айтты.

Жамағат тарауық намазын өтегеннен кейін Құран хатым дұғасы жасалды. Қасиетті Рамазан айы бойы Құранды толық хатым еткен қариларға мешіт имамы алғыс білдіріп, дәстүр бойынша иықтарына шапан жауып құрмет көрсетті.

Таң атқанға дейін жалғасқан рухани кеште жамағат уағыз тыңдап, құлшылық жасап, ел тыныштығы мен жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілік пен бірліктің баянды болуын Жаратушыдан сұрады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz