«Қамзе» мешітінде қасиетті Қадір түніне жиналған жамағатқа арналған рухани кеш ұйымдастырылып, жамағат қадір түрін құлшылық үйінде қарсы алды.
Берекелі түнде жамағатқа Қадір түнінің қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айтылды.
Кеш барысында жамағаттың белсенділігін арттыру мақсатында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, діни сауатқа бағытталған мазмұнды тапсырмалар қойылды. Қатысушылар белсене қатысып, дұрыс жауап берген жандарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Рухани кеш жамағаттың бірлігін нығайтып, имани атмосферада өтті. Жиналған қауым құлшылық жасап, ел тыныштығы мен жұрт амандығын тілеп, Қадір түнінің берекесін бірге сезінді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы