Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешіті қадір түнінде тарауық намазын оқыды
«Төлеутай ата» мешіті қадір түнінде тарауық намазын оқыды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде мың айдан да қайырлы қасиетті Қадір түні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жамағат тарауық намазын оқыды.

Берекелі түнде мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жамағатты Қадір түнімен құттықтап, оның қадір-қасиеті мен рухани маңызы жөнінде тағылымды уағыз-насихат айтты.

Жамағат тарауық намазынан кейін Құран хатым дұғасына қатысып, Жаратушыдан ел амандығы мен жұрт тыныштығын тіледі.

Кеш барысында мешіт жамағатына арнайы дастархан жайылып, ауызбіршілік пен ынтымақтың көрінісі айқын сезілді.

Таң атқанға дейін жалғасқан рухани кеште жамағат құлшылық жасап, жүректеріне иман нұрын ұялатып, бейбітшілік пен бірліктің баянды болуын тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz