Қасиетті Рамазан айының ең қадірлі түндерінің бірі – Қадір түні қарсаңында Төле би мешітінде Құран оқудан жарыс ұйымдастырылды.
Игі шараның мақсаты – жастарды қасиетті Құранды үйренуге, оны дұрыс әрі көркем оқуға ынталандыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Жарысқа мешіт шәкірттері қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін сынады. Қатысушылар Құран аяттарын тәжуид ережелерін сақтай отырып, мәнерлеп оқудан бақ сынасты. Байқауды мешіттің имамдары мен Құран ілімін жетік меңгерген ұстаздар қазылық етті.
Сайыс барысында қатысушылардың Құранды дұрыс оқуы, дауыс мәнері, тәжуид талаптарын сақтау деңгейі ескеріліп, үздіктер анықталды. Нәтижесінде үздік өнер көрсеткен қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Шара соңында мешіт имамы Жумағулов Рашид жамағатты қасиетті Рамазан айының қадірін білуге, Құранмен өмір сүруге және ізгі амалдарды көбейтуге шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы