Center Image
IHSAN.KZ
Қадір түнін қарсы алған «Хазірет Али» мешіті Қариға құрмет көрсетті
Қадір түнін қарсы алған «Хазірет Али» мешіті Қариға құрмет көрсетті

Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің жамағаты қасиетті қадір түнін қарсы алып,  тарауық намазын өткізген қариға құрмет көрсетілді.

Кеш барысында мешіт имамы Ербол Мұқанұлы жамағатты берекелі түнмен құттықтап, Қадір түнінің қадір-қасиеті мен рухани маңызы жөнінде тағылымды уағыз айтты.

Жамағат тарауық намазын өтегеннен кейін Құран хатым дұғасы жасалды. 

Қасиетті Рамазан айы бойы Құранды толық хатым еткен қариға мешіт  имамы алғыс білдіріп, иығына шапан жауып құрмет көрсетті.

Таң атқанға дейін жалғасқан рухани кеште жамағат уағыз тыңдап, құлшылық жасап, ел тыныштығы мен жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілік пен бірліктің баянды болуын Жаратушыдан сұрады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz