Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІ ЖАМАҒАТЫ ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІ ЖАМАҒАТЫ ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ

ҚМДБ-ның  Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінде қасиетті қадір түні жоғары деңгейде  аталып өтті.


Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түнінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде орын шаншыр жер болмады. Мың айдан да қайырлы болған берекелі кеште облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы барша мұсылман қауымын қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз - насихатын айтты. 


Облыстық мешіттегі берекелі шарадан жергілікті БАҚ өкілдері хабар алып, арнайы репортаж дайындады. 


Мешітке жиналған мұсылман жамағатына дастарханы жайылып, 600 адамға мешіт асханасында ауызашар берілді.


Сонымен қатар, әз-Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген қасиетті айдың құрметіне орай мешіт ауласында жамағатқа наурыз көже үлестірілді. 


Барша жамағат тарауық намазын оқығаннан кейін облыс бас имамы Құран хатым дұғасын жасады. 


Таң рауандап атқанша мешітте уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады. 


Сәресі уақытында 4000 адамға дастархан жайылды.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz