Жаратушы Иеміздің өзі «Мың айдан да қайырлы» деп ұлықтаған бұл ерекше түнде мешітке жиналған мұсылман қауымы жамағатпен бірге құлшылық жасап, рухани кештің берекесіне бөленді.
Мыңдаған мұсылман бір сапта тұрып тарауық намазын оқығаннан кейін, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Құран хатым дұғасын жасады.
Тарауық намазынан кейін мешітке жиналған жамағат егемен ел мен кең байтақ жердің тыныштығы мен бірлігін тілеп, Жаратқаннан береке мен жарылқау сұрады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы