Center Image
IHSAN.KZ
ҚАДІР ТҮНІНЕ ЖИНАЛҒАН ЖАМАҒАТҚА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ
ҚАДІР ТҮНІНЕ ЖИНАЛҒАН ЖАМАҒАТҚА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әз-Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жамағатқа наурыз көже үлестірілді.

Бір сапта тұрып тарауық намазында сәждеге маңдай тигізген жамағат құлшылықтарын аяқтағаннан кейін мешіт ауласында арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татты.

Ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтар үндескен бұл шара жамағаттың бірлігін арттырып, бауырмалдық пен татулықтың үлгісін көрсетті. 

Бұл игі шара жамағаттың жүрегіне жылулық сыйлап, рухани мерекенің мәнін арттыра түсті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz